Айтбаева Камшат Тогизбаевна

Айтбаева Камшат Тогизбаевна 1977 жылы 7 қазанда көрші Түркменстан елінде дүниеге келген.

1995 жылы білім қуып Маңғыстау облысы Ақтау қаласына келіп.Ш.Есенов атындағы университетке құжаттарын талапкер ретінде тапсырып,аталмыш оқу орнын төрт жыл оқып,қазақ тілі әдебиет пәні оқытушысы мамандығын алып 1999 жылы тәмамдаған.

2000-2004 жылдар аралығында Ақтау қаласындағы №7,№12 мектептерде қазақ тілі мен әдебиет пәнінен сабақ берді. 2012 жылы Қарақия ауданындағы «Балдырған» балабақшасында тәрбиеші болып қызмет атқарған.2013-2014 осы балабақшаға меңгерушісі міндетін атқарушы болып тағайындалып,аталған лауазымдық қызметте бір жыл еңбек етті. Қызмет істеп жүріп Камшат Тогизбаевна өзінің білімділігімен,жоғары біліктілігімен,ізденімпаз-жаңашылдығымен биік абыройға ие болды.

Айтбаева Камшаттың еңбекшілдігі,іскерлігі ескеріліп,2014 жылы қыркүйек айында №2 бастауыш мектепке директор міндетін уақытша атқарушы ретінде тағайындалды.

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Ералы бекетінде орналасқан №2мбастауыш мектебі 1965 жылы бой көтерген. Сол уақыттан бері шәкірт бұл мектептін партасында отырып,әріп танып,сауатын ашып,үлкен өмірге қанат кақты.

Айтбаева Камшат Тогизбаевна қазіргі таңда мектептің заманауи құрылғыларымен толықтырылуын қамтамасыз етуде. Мулъмедиялық,лингофондық сыныптап жұмыс жасайды.

Камшат Тогизбаевна аудан бойынша жергілікті қоғамдастық мүшесі ретінде тағайындау алып,аудан орталығында Қуыршақ театырнда жұмыс атқарған.

Айтбаева Камшат Тогизбаевна басқаратын білім ордасы болашақта үлкен шаңыраққа айналып,биік белестерді бағындыратынына сеніміміз мол.

Соңғы жаңалықтар

Мерейлі отбасы

...

15 мамыр 2019
Сенбілік

Сенбі күні мектеп ауласында тазалық жұмыстары жасалып,талдар отырғызылды.10 тал егілді.Сенбілік т ...

06 сәуір 2019
Адалдық дүкені

Адалдық пен адамдық оқушыларға адам бойындағы адалдық тіртібін ұғындыру адамгергішіліктің жоғар ...

04 сәуір 2019